Оралда салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

Оралда салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді. Ерекше салмағымен елді елең еткізген шақалақтың бойы - 63 сантиметр, хабарлайды Astana.tv.

Фото:Pixabay

Дәрігерлер анасы мен ұлының денсаулығы жақсы екенін айтады. Бұл нәресте - отбасындағы үшінші перзент. Бір қызығы, ерлі-зайыптылардың тұңғышының салмағы 4 келіден асса, ортаншы баласы 5 келіге жуықтапты. Ал үшінші ұлдың салмағы бәрінен асып түсті. Дегенмен дәрігерлер мұндай артық салмақтың денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін дейді. Сондықтан сәбиді үйге шығарылғасын, бақылауға алмақ.

«Әйел айы-күні жетіп, өзі босанды. Сәбиі екеуінің жағдайы қалыпты. Негізі қалыпты норма 3-4 келі ғана. Сондықтан денсаулығын педиатр бақылап отырады. Негізі баланың артық салмақпен өмірге келуіне, экологиялық қолайсыздық, екіншіден, анасының тамақтану тәртібінің бұзылуы себеп.Әйел айы-күні жетіп, өзі босанды. Сәбиі екеуінің жағдайы қалыпты. Негізі қалыпты норма 3-4 келі ғана. Сондықтан денсаулығын педиатр бақылап отырады. Негізі баланың артық салмақпен өмірге келуіне, экологиялық қолайсыздық, екіншіден, анасының тамақтану тәртібінің бұзылуы себеп», −деді Тимур Мұхамедияров, Орал қалалық көпбейінді ауруханасының дәрігері .