Дефектолог Мадина Халықберген дені сау баланың туылуы тікелей анасының денсаулығына байланысты болатынын айтты. Ол бұл туралы журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында әңгімеледі, − деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Алғаш бала пайда болар кезде әкесінің денсаулығы дұрыс болмай, яғни ұрық дұрыс емес болса, ал оған керісінше ананың денсаулығы мықты, иммунитеті жоғары болса әйел адамдарда жаңағы ұрықты түзеп алатындай Алла берген механизм бар. Сондықтан қазіргі 17, 18, 19 жастағы қыздар дұрыс тамақтануы тиіс. Бутерброд, кола дегенді жеп алып жүре беру қыз балаларға зиян», − деді дефектолог маман.
Сонымен қатар Мадина Халықберген «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында» депрессия екінші орында тұрғанын айтты. Сол себепті депрессияда жүрген аяғы ауыр әйелдерден дені сау бала дүниеге келмеуі мүмкін екенін баса айтты.
«Себебі, депрессия тікелей гармондармен байланысты. Ол гармондар балаға әсер етпей қоймайды. Алайда ұрық әртүрлі вирустармен, бұзылған гармондармен, токсиндермен күресу мақсатында үш күн қатып қалады. Ешқандай қоректік зат бармайды. Алайда, мұның салдары балаға оттегі, дұрыс минерал жетпеуіне әкеліп соғады», − деді.