Танымал шоумен, теле және радиожүргізуші Серік Ақышев жұбайы Ольга Болдовскаямен не үшін ажырасып кеткенін айтты. Бұл туралы «Осколки» подкастына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
«Бұрынғы әйелім Ольгамен екі бала өсіріп, ұзақ уақыт бір некеде тұрдық. Марика өмірге келді. Қазір ол 9-сыныпты аяқтады. Содан соң Айлин туылды. Ол екінші сыныпты бітірді.
Белгілі бір уақыт бұрын біз өте ауыр шешімді қабылдадық. Бірақ бұл ажырасу туралы екі жақпен келісілген, таразыланған шешім еді.
Меніңше, біздің ажырасуымызға көп нәрсе себеп болды. Мен зейінсіз болдым, қарым-қатынасымызда көп қателік жібердім.
Одан да қателіктер кетті. Бірақ ол бәрі жақсы болуы үшін айтарлықтай көп жұмыс істеді. Сондай сәттердің бірінде махаббат таусылды.
Біздің мәдениетті, зиялы түрде ажырасқанымыз үшін Ольгаға алғысым зор. Әрине, балаларға әлі де үйренісу қиын екенін білемін.
Олар уақыт өте келе ең басты нәрсені - балалардың кінәсі жоқтығын түсінеді деп үміттенемін. Әке мен шешенің ерлі-зайыпты еместігі енді мүлде басқа нәрсе», — деді Серік Ақышев.