Тәуекел Мүсілім әйелімен арадағы түсініспеушіліктер жайлы айтты

Актер Тәуекел Мүсілім жұбайы Махаббатпен болған отбасылық өмірдегі түсініспеушіліктер туралы сөз қозғады. Бұл туралы «Осколки» подкастына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Instagram/mahonti__

«Қиын кезеңдер болды. Бір-бірімізге үйренісе бастаған кез. Кездесіп жүрген шақтар ол қызықты қашанда. Түрлі бояулар. Ал тұрмыс мүлдем басқа нәрсе. Басқа атмосфера. Бірақ біз әңгімелесу арқылы осы тұрмысқа да бояу беруді үйрендік. Бұл біздің отбасымызды құтқарды деп айта аламын. Өйткені оның өз үйіне, ата-анасына кетіп қалған кездері болды. Мен де: «бір-бірімізден демалайық», − дедім.

Егер біз әрі қарай да қарым-қатынасымызды анықтай берсек, жағдай басқаша болар ма еді?! Кейін қайта сөйлесіп, арамыздағы кем-кетіктерді реттеген соң, бәрін басынан бастадық.

Үлкеніміз Айтөре туылды. Кейін Әмір дүние есігін ашты. Кейде: «Біз көптен бері ұрсыспай кеттік қой», − деп әзілдейміз.

Ең жақсысы - біз бір-бірімізді түсінеміз және өмірлік ұстанымымыз бір − даму, зерттеу, қызығу. Осы нәрселер бізді қатты жақындастырады», − деді Тәуекел Мүсілім.