Төреғали Төреәлінің әйелі ата-енемен тұрудың қаншалықты қиын екенін айтты

Атышулы әнші Төреғали Төреәлінің келіншегі ата-енесімен бірге тұрады. Толқын осыған қатысты оқырманнан келген сауалдарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/toregalitoreali

Оқырманның: «Ата-енемен бірге тұрып шаршаған жоқсыз ба? Күнде шәй, тамақ...» деген сұрағына Толқын:

«Қайта ата-енемнің батасын алып үлгергім келеді. Осы уақытта белең алған ең жиі сұрақтар: «Ата-енемен тұру қалай? Шаршамайсыз ба? Қиын емес пе?» Ата-енем мені дүниеге әкелмегені болмаса, ата-анам ғой.

Адам ата-анасынан шаршай ма? Ата-енеме Алла разы болсын! Жылда балаларды дүниеге әкеліп, ештеңені уайымдамай жүруім – олардың еңбегі», – деп жауап берді.