«Әдемі Love story»: Қыран Талапбек әйелімен екі жыл бірге өткізген сәттерінен видео жариялады

Қазақстандық мобилограф әрі режиссер Қыран Талапбек Instagram желісінде қазіргі әйелімен бірге өткізген сәттерінен видео жариялады. Оның сөзінше, ол видеодағы кадрларды 7 мемлекетте түсіріп, 2 жыл жинап жүрген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram / kyran_talapbek

«Соңғы 2 жылда әр барған жерімізден кадр жинап жүретін едім, кейін бір видео жасап, жинаймын ғой деп. Кішігірім клип болды ма?» ― деп жазды Қыран Instagram желісіндегі жазбасының сипаттамасында.

Жарияланған видео желідегілер арасында қызу талқыға түсті.

«Екеуі бір-біріне қатты ұқсайды екен», «Некеңді қиғызып ал, бөтен әйелді некесіз құшақтауға, қолынан ұстауға болмайды», «2 жылда дей ме? Айжұлдызбен ажыраса салып, жүріп кеткен бе?», «Қандай әдемі Love story. Бақытты болыңыздар», ― деп жазды пікір білдірушілер.

Еске салсақ, Қыран Талапбек 2020 жылы әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековамен шаңырақ көтеріп, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен.

Қазір олардың ортақ ұлы бар. Қыран Талапбек жақында екінші рет шаңырақ көтерген болатын. Мобилографтың қазіргі жұбайы Гүлзада Тұрлаш Қыран Талапбекпен некесін қашан қидырғанын ашып айтып, көпшіліктің сын-пікірлеріне жауап берген еді.

«Барлық сұрақтың алдын алу үшін, біздің некеміз тойдан біраз уақыт бұрын қиылған», ― деп жазды Гүлзада желі парақшасында.

Актриса көпшілікке өзінің бірінші некесі жайлы да ағынан жарылған болатын. «17 жасымда бұрынғы күйеуімді кезіктірдім. Кейін тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Ата-анам қазақи, қатал тәрбиемен өсірді.

Анам «Алғаш білегіңді ұстаған жігітке тұрмысқа шығуың керек. Кездесу деген нәрсе болмайды» дейтін... Мүмкін соның әсері болар, алғаш кездестіріп, жақын сөйлескен жігітке тұрмысқа шықтым», ― деді Гүлзада отандық бағдарламаға берген сұхбатында.