«Шәй құймаймын, орамал тақпаймын»: Әсел Сәдуақасова қандай келін екенін айтты

Танымал актриса Әсел Сәдуақасоваға оқырманы келіндік өмірі жайлы сұрақтар қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Мен классикалық келіндердің қатарынан емеспін. Шәй құймаймын, орамал тақпаймын. Бірақ енемен жолы болған адаммын. Мағжанның анасы үшін мұндай дүниелер маңызды емес. Бұл туралы өзі айтқан болатын. Басымыз қосылып, қонаққа барған кезде керісінше, менен «Не жегің келеді? Не дайындап берейін?» деп сұрайды. Барған сайын дәмді тағам әзірлеп мені күтіп алады. Мама, біз сізді жақсы көреміз», – дейді Әсел Сәдуақасова.