Бостандыққа шыққан Төреғали Төреәлі алғаш рет жазба жариялады

Қапастан шыққан Төреғали Төреәлінің әлеуметтік желідегі жазбасы көптің талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Ер жігіттің жарамас жылағаны, Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны. Орнында бар оңалар, бәрін қойшы. Праваны айтсайшы, праваны», - деп жазды ол.

Бұл жазбадан кейін әншіні жақтағандар да, даттағандар да болды.

«Жол ережесін кім бұзбай жатыр?», «Бас аман болсын», «Ондай-ондай боп тұрады, Төрешті бәрібір кешіргің кеп тұрады», «Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді?», «Жүргізуші куәлігін қоя берші. Ата-анаңның ауырған жүрегі мен абыройды айтсаңшы», «Ұятсыз екенсің», «Бүлдіріп алып кешірім сұрап тұр ма?» – деп жарыса жазды желідегілер.

Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.