«Сағындырған әндер-ай» ән кешінің ұйымдастырушысы әртістердің шын бейнесі туралы айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы кеш ұйымдастырушысы TikTok-парақшасында айтты.
«Нұрболат мырза (Абдуллин-еск.) өте көңілді әрі харизмасы бар адам екен. Өмірде өзін салмақты ұстайды», - дейді ол.
Сонымен қатар, кеш ұйымдастырушысы Қайрат Нұртас туралы да айтқан.
«Қайрат мырзаға мейк әсер етпейтін болыпты. Өмірде көріп таңғалдық, көкіректеу екен», - дейді видео авторы.
Видео авторы тағы бірнеше әртіс туралы айтты.
«Төреғали мырза өте қарапайым, келбетті екен. «Қарындасым» деп сыйлап, жақсы қарым-қатынаста болды. Сәкен мырза - өте алтын кісі, өмірі жайдары жүреді. Біздің қызметке риза болып, мақтап жүреді. Мейрамбек мырза өте сабырлы кісі», - дейді ол.