Тойда келіншекті айнала қамшымен аластаған әжей жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрда тойхананың ішінде бір келіншекті ортаға алып, ақ жаулықты әже қамшымен ұрғылап, айнала бірнәрсе оқып жүргенін байқауға болады.
Бұл видео Қызықтырды Instagram парақшасында жарияланып, 1 млн 300 мың қаралым жинаған.
«Адамдар не болып кеткен», — деп жазды Instagram қолданушысы.
Желі қолданушылары бұл әрекетті көріп, керағар пікір қалдырған.
«Ана кемпірдің түрі көгеріп кеткен басқаша байқадыңыздар ма, Ж-ның түрі сияқты ішіне кіріп алған», «Апаның өзін оқыту керек жын кірген сияқты», «Апаға шайтан кіріп кеткен», «Күші келсе жерге жатқызып тепкілейін деп тұр-ау», «Ақша табу үшін емші, бақсылардың әрекеті ғой», — деп жазды олар.