Құқық қорғаушы, заңгер Айгүл Орынбек елдегі дін, хиджаб кию тақырыбына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол билік басында елге қауіп төндіретін ағымдағы адамдар бар екенін айтқан.
«Биліктің басында әлі де елге қауіп төндіретін ағымдағылар отыр. Қаңды қаңтардан кейін террористерге жақын жүретін төрт аяқтылар жан жаққа таракандар сияқты қашып еді. Крышалары «елге қайта беруге болады» деді ме, әйтеуір көз жанарларын өзгертіп елге қайта келе бастады. Олар сыртта қашып жүргенде де жай жүрген жоқ, іште жүрген миында тауықтың миындай миы жоқ жұлдыздарды ақшаға «хиджап» кигізе бастады. Жәйлап қоғамның өздеріне көзқарасын өзгертті. Яғни олар қазақты арзан әңгімеге, өсекке, әдемі өмірге, болмайтын дүниелерге құмар екенін біледі. Қазақты алдауға көнетін қараңғы халық екенін тереңнен зерттеген. Яғни қазақ халқын құлдыратып, жоқ қылып жіберу әдіс-тәслін жақсы меңгерген», - деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол мектепте хиджаб кию мәселесін де көтерген.
«Оларға мемлекет байлығын, қазынасын сұрайтын көзі ашық халық емес, миы улаған қараңғы, топас халық керек! Қыркүйек келсе болды «хиджаб» мәселесі көтеріледі. Біз дамыған елдер сияқты берілетін білім мен тәрбие, мектептерге бөлінетін қаржыларды, оның ішінде оқулықтардың сапасы жайлы қашан талқылаймыз Халқым болмайтын арзан дүниелерге, өсек-төсек әңгімелерге құмар бола бермей, елдігімізді сақтап қалатын тақырыптарға зейін салыңыздар! Бұл елді сақтап қалу өзіміздің қолымызда!» - деп жазды заңгер.
Айта кетейік, бұған дейін Үкімет отырысында Ғани Бектайұлына «хиджаб киюуге рұқсат бересіздер ме, жоқ әлде бермейсіздер ме» деген сұрақ қойылған болатын. Министр бұл сұраққа жауап беруден жалтарды. Кейінірек кулуарда оқу-ағарту министрі қоғамда дау туғызып жатқан мектепте хиджаб кию тақырыбына қатысты тағы да пікір білдірді.