Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Толқын Забирова жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады. Өнер иесі күйеуі екеуінің суретін Instagram парақшасында жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Қосағыммен қоса ағаруды нәсіп етсін. Бақытты болғаныма рахмет айтамын. Туған күніңмен, отбасым - байлығым», — деп жазды Толқын Забирова.
Желі қолданушылары да әншінің отбасына бақыт тілеп, жылы лебізін білдірген.
«Бақытты болыңыздар», «Бақытты ғұмыр кешіңіздер», «Үбірлі-шүбірлі болыңыздар», — деп жазды желідегілер.