Италиядан келген құдалар қазақтың тойына таңқалды

Италиядан келген құдалар қазақтың тойына таңқалды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео TikTok әлеуметтік желісінде Tumar ансамблінің парақшасында пайда болды.

«Италиядан келген құдалар қазақтың тойына таңқалды. Шетелдік құдалар әрдайым көңілді, қазақтарға қарағанда тойға күліп кіреді», - делінген жазбада.

Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір жазған.

«Бізде құдалар 6 үстел болып келеді ғой», «Италия түгіл, қазақтың өзін таңқалдыратын ән ғой», «Бақытты болсын, кім болса ол болсын ең бастысы - махаббат болсын», «Қазақ - Италия бір туған», «Қандай керемет қазақтар, костюмдері де казақша, супер сөз жоқ, жарайсыңдар», - дейді Желі қолданушылары.