Актриса Жазира Еркін фильмдегі әдепсіз көріністерге ата-анасы қалай қарайтынын айтты

Актриса Жазира Еркінқызы алғаш рет сұхбат беріп, жан сырын ақтарды. «Менің өмірім» бағдарламасында өнер иесі фильмдегі кей образына ата-анасы қалай қарайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Фото: кадр из видео

Бағдарлама жүргізушісі актрисадан

«Сіз ойнап жүрген рөлдер әр түрлі. Кейбірінде сәл әдепсіз көріністер кездеседі. Сол сәтте ата-анаңыз не дейді? Бұл рөлдерді қалай қабылдайды, ақылдасасыз ба?» — деп сұрады.

Ал актриса бұл тек рөлі екенін айтып, ата-анасымен ақылдаспайтынын атап өтті.

«Ақылдаспаймын. Ол да бір еркелігімнен шығар. Өзім білемін және әрине, берілген тәрбие бар. Ол менің өмірлік жолым емес. Мен ондай емеспін, ол менің образым, рөлім деп өзімді ақтаймын. Мен басында келісіп, фильмге түсіп аламын да, сосын уайымдаймын. Енді олар ертерек уақытта болды. Кейінгі кезде мен ондай рөлге түсіп жүрген жоқпын», — деді Жазира Еркін.