Жұлдыз Әбдукәрімова ел күтпеген мәлімдеме жасады

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова желідегі парақшасында ел білмейтін құпиясымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз Әбдукәрімова шыдамы таусылғанын айтты.

«Шыдамның да шегібар. Енді үндемеу мүмкін емес. Осынша жасқа жетсем де, бұған дейін «тілім» қысқа болды. Оны өзім де байқамаппын. Енді бәрін айтамын. Бірақ бәріне емес. Мен періште емес, пендемін. Менің де «тілім» ұзаратын сияқты. Бұл шындық тек менің жылдар бойы бірге келе жатқан оқырманыма арналады. Сол себепті парақшамды жабамын», – деп көпті қызықтырып қойды актриса.

Жұлдыз денсаулығын тексертпек болып жүргенде хирург дәрігердің үстелінен бір-ақ шыққан.

«Алдымен уайымдап, шыр-пыр болып жатқан өзім деген оқырманыма алғыс айтқым келеді. Айтайын дегенім, өткенде тісімді емдетпек болып, дәрігерге бардым. Аузымды әбден шұқып болып, түрі бұзылып кеткен дәрігер: «Сізбен біздің бас хирург сөйлеседі» деді. Тісіме хирургтың қатысы қанша деп таңдандым. Сөйтсем менің тілім қысқа екен. 35 жыл неге үн қатпай, көп нәрсеге шыдап келгенмін десем… «Шешім біреу, тіліңізді ұзарту керек» (тіл жүгеншігі кесу) деді. Сөйтіп хирургтың үстелінен бір-ақ шықтым. Ойбайлатып сүйегі жоқ қызыл тілді кесті де, ұзартып берді. Енді менің де тілім ұзын», – деп жазба жариялады Жұлдыз Әбдукәрімова.