Мопед мінген әже жұртты таңғалдырды

Желіде мопед мінген әженің видеосы тарады. Әлеуметтік желі қолданушылар әженің әрекетіне тәнті болды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Фото: видео кадры

Бұл видео TikTok-парақшалардың бірінде пайда болды. Онда әженің жол жиегінде мопед айдап бара жатқаны көрінеді.

Онда төрт мыңнан аса лайк, үш жүзден аса пікір мен 62 мың қаралым жинаған.

«Апа трендте», — делінген видеода.

Желі қолданушылары әженің әрекетіне тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.

«Жастық шақты еске алып, немерсінің мопедін ұрлап кеткен ғой», «Апа өзі үшін өмір сүріп бастады», «Апам мықты, денсаулығы мықты болсын», «Апа мопед мініп жүр, ал сен әлі жаяу жүрсің», «Апамның жолы болсын», — деп жазған олар.