Ана туралы ән айтқан Садраддин он екі мың адамның алдында жылап қалды

Әнші Садраддин Болат өзінің жеке концертін өткізді. Жанды дауысты ән шырқаған ол ана туралы шығармасын орындап, көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sadraddinn

Садраддиннің «Ана» атты әні тыңдармандарға жақсы таныс.

Әнші қалың көрермен алдында сол әнді шырқамақ болғанда, көңілі босап, көзіне жас келе берді.

Кейін ол көрермендерден кешірім сұрап, су ішіп алған соң микрофонға қайта оралды.

«Кішкентайымнан мені қолаған адам - анам. Ол кісі қазір сахнада. Мама, бәрі жақсы», — деді әнші.

Айта кетелік, Садраддиннің жеке концертін өткізуге танымал блогер досы қайтарымсыз 70 млн теңге берген.

Төрт ай бойы үздіксіз дайындалған концертке он екі мың адам келген.