Киім-кешегінің бағасын айтқан Динара Сәтжан жұртты таңғалдырды

Танымал отандық тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан көйлегі мен әшекей-бұйымдарының құнын жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тележүргізушінің үстіне ілген көйлегі мен әшекейлерінің бағасы шамамен 40 млн 460 мың теңгеге шықты.

Отандық дизайнерлер қатарына кіретін Динара Сәтжан өз брендінің көйлегін киген. Айтуынша, жаңа топтамадағы көйлектің құны «бар-жоғы 89 900 теңге». Ал көздің жауын алатын Van Cleef брендінің алқасы мен сырғасы 8 млн 200 мың теңге тұрады. Тележүргізуші Gianvto Rossi-дің құны 450 доллар (370 мың теңге) тұратын аяқ киімін де көрсетті. Динара Сәтжанның білегіндегі Bulgari (19 млн) мен Cartier-дің (8 млн 600 мың) және Van Cleef брендінің (4 млн 200 мың) білезігі мен сақинасы назардан тыс қалмады.

Көпшілік алдында іскер әйелдің образын қалыптастырған Динара Сәтжан киім мен әшекей-бұйымға келгенде өзінен ештеңе аямайтынын көрсетті. Желі қолданушылары тележүргізушіге қызыға қарап, таңғалысын жасырмады.

«Үстіне бір жақсы пәтерді іліп алыпты», «Қатынымызды осылай киіндіру бұйырсын», «Ең төмен айлық 85 мың теңге, оның бір көйлегі 89 мың тұрады», «Бар-жоғы дей ме?», «Динараның киімінен менің пәтерім мен көлігім арзан тұрады», «Әр әйел осылай шалқып жүрсін», «Көйлегі менің бір айлығым екен ғой», – деп жазды желідегілер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Beibit Alibekov (@alibekovkz)