Еліміздің бірқатар шоу-бизнес өкілдері өз гонорарының мөлшерін айтты. Әнші, актриса Салтанат Бақаева әлеуметтік желідегі парақшасында отандық жұлдыздармен шағын сұхбат жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мөлдір Әуелбекованың қаламақысының мөлшері іс-шараның қай қалада өтетініне байланысты екен.
«Басқа қалада 1 жарым млн, Алматыда 1 млн», – дейді Мөлдір Әуелбекова.
Жайдарманшы, әзілкеш әрі шоумен Нұрболхан Шарапов өз еңбегін 2 мың долларға бағалайды.
Ал жастар арасында «Aya Funk» деген лақап атпен танымал Аян есімді жас әнші 1 млн теңгеге өнер көрсететінін айтты.
«Жылтыр көйлек» деп шырқайтын Еркебұлан Құмаров бұл сұраққа нақты жауап бермеді.
Тек екі санын көрсетті. Өнер иесі 2 млн меңзеді ме, әлде 2 мың доллар дегісі келді ме, белгісіз.