Алты баланың анасының адам танымастай өзгерген видеосы Қазнетті тәнті етті

Желіде алты баланың анасының адам танымастай өзгерген видеосы тарады. Видео авторы сұлулық салондарының иесі Бота Әбдіраманова, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото коллаж Massaget.kz

Бота Әбдіраманова 37 жастағы Шынарды адам танымастай өзгерткен. Шынар алты баланың анасы, ешқашан жұмыс істемеген.

Ол күйеуіне өзгергісі келетінін айтқан кезде күйеуі әзілдеп «бармайсың» деген екен.

«Осы кезде Шынардың енесі келіп «ол саған алты бала туып берді. Оны бір рет болсын салонға апаруың керек. Ол лайық болмағаны ма?» — деген екен. Сол кезде Шынар көзіне жас алған.

Осылайша күйеуі әйелі образын өзгертуін қолдаған», — дейді Бота Әбдіраманова. Осылайша Шынарға түрлі процедуралар жасалып, ол өзгеріп шыға келген.

«Шынар үйіне жеткеннен кейін маған хат жазды. Ол жаңа образы күйеуінің көңілінен шыққанын, енді оны ай сайын сұлулық салонына жіберіп тұруға дайын екенін айтқан», — дейді кәсіпкер.

Видео 2,5 миллион қаралым жинап, мыңнан аса пікір жазылған. Желі қолданушылары Шынардың өзгерісіне тәнті болған.

«Екі түрлі адам секілді»; «Сұп-сұлу келіншек болып шыға келді»; «Образ керемет шыққан»; «Бірден энергетикасы да өзгеріп шыға келді», — дейді Желі қолданушылары.

В статье: