Кинотеатрда күй тартқан бір топ адам Желідегілерді сүйсінтті

Желіде кинотеатрда бір топ адамның күй орындаған видеосы тарады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео TikTok қолданушылардың бірінің парақшасында жарияланды. Видео 1 тәуліктің ішінде 18 мыңнан аса қаралым, 3 мыңнан аса лайк жинаған.

Күй жазушы Міржақып Дулатұлының өмір жолына арналған «Оян, қазақ!» фильмінің жарыққа шығуының құрметіне орындалған. Бұл – «Алаш Аманаты» күйі. Кадрда фильм режиссері әрі продюсері Мұрат Есжанның отырғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары күйге тамсанып, пікір қалдырған.

«Ғажап көрініс», «Керемет», «Жарайсыздар», - деп жазған олар.