Жания Джуринская отбасындағы қуанышты жаңалығы туралы айтты

Актриса Жания Джуринская екінші баласына жүкті. Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: Джуринская Жания

Актрисаның сөзінше, оның отбасы үшін бұл күтпеген жаңалық болған.

«Біздің бақытты отбасымызға +1 адам. Мұндай жаңалықты күтпедік. Бірақ біз сені асыға күтеміз, қызық болатынын жүрегім сезіп тұр», − дейді Жания.

Айта кетейік, Жания Джуринская 2021 жылы маусымда блогер, шоумен Данияр Хизметовке тұрмысқа шыққан болатын. Бүгінде олардың Софи атты қыздары бар.