Әнші Салтанат Бақаева қыз ұзату тойының табысына айналғанын жасырмады. Өнер иесі «Ұйқым келмейді» бағдарламасындақыз ұзатқаны үшін қанша гонорар алатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Ризығым сол жақтан келіп жатқаны рас. Ол да бір кездейсоқ шыққан дүние. Әдейі қыз ұзату үшін ән жаздырмадым. Өзімнің құрбым тұрмысқа шыққанда, күйеуім Нұржан бара алмай қалды. Жалғыз барғасын, халық ән сұрайды ғой енді. Сосын «Келесі апта той. Тезірек жазып берші» деп дос композиторға бардым.
Бір апта ішінде «Әгугай, құрбым» әнін жазып берді. Тегін келген дүние. Шу да болды ғой. Қазір бәрі жақсы. Ән заңды түрде менікі, менің атымда. Тыңдарманның көңілінен шықты. Әр адамның өз ризығы болады ғой. Өзгемен салыстырудың қажеті жоқ. Сұраныс жақсы. Жасырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Тойға шығатын гонорарым — 1 млн теңге», — деді Салтанат Бақаева.