«Ей, махаббат, білмеймін баянды ма?» — Әнші Наркенже Серікбаева марқұм жұбайын еске алды

Танымал әнші Наркенже Серікбаева марқұм жұбайын еске алды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: видеодан алынған кадр

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында өз тағдырына арналған әнінің бейнебаянын жариялаған.

«...Ей махаббат, білмеймін баянды ма?

Орта жолдан өзіңмен жолыққаным.

Ән тағдырыңа айналады деген рас екен. Сағынышпен еске алу», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің қайғысына ортақтасқан.

«Концертіңе барғанда осы сюжетті көріп бір жылап, бір қуанып қайтым едім… Кезікті-ау қайтып айналып деп… Тағдырдың ісіне шара жоқ, жатқан жері жұмақ болсын», «Алла рақымына бөлесін Жаны жәннатта шалқысын! Сіз халыққа керек сіз мықты болыңыз, Халықтың Наркенже қызы», «Білмеймін баянды ма деген өлең жолдары өміріңізде қайталанып тұр. Ән жаздырғанда сөзіне қатты мән беру керек екен. Жақсы сөз-жарым ырыс дегені рас екен. Алла алдынан жарылқасын», Қосылғанда қатты қуанып едім, Алланың ісіне амал жоқ, өте өкінішті. Қайғыңызға ортақпын, Алла рахымына алсын!» — дейді олар.

Еске салайық, бұған дейін Наркенже Серікбаеваның күйеуі өмірден өткені хабарланған еді. Бұл туралы өнердегі әріптес әпкесі Мақпал Жүнісова әлеуметтік парақшасына жазды.