Журналист, жүргізуші және «PRESIDENT» жобасының авторы Әділ Балтабаев Telegram-арнасында Тоқаевқа сыйға тартылған Наурыз есімді күшікті көрсетті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол биылғы 21 наурызда Наурыз есімді тазы күшік Мемлекет басшысына сыйға тартылғанын айтты.
«Бұған дейін Ақорда аумағында сәл өсіп қалған Наурыздың жүгіріп жүрген видеосын бөліскен болатынмын. Енді ересек, өсіп қалған аңшының суретін көрсетіп отырмын», — деп жазды Балтабаев.
Еске салайық, бұл күшікті Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл Наурыз мейрамы қарсаңында Астанадағы иттер көрмесінде сыйлаған болатын.
Тазы күшікті Президентке асыл тұқымды ит өсіруші Анна Захарова берді.