Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа түскен келінін қалай қарсы алғанын көрсетті, − деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видеоны ол Instagram-парақшасына жүктеді. Видеода табалдырықты аттағанр келінге «отқа май құю» салты жасалып, кейін оған шашу шашылады. Сондай-ақ, продюсер келін атанып, шай құйып жүргеніне 40 жыл болғанын айтты.
«Сүйінші! Келін келді! Аллаға мың да бір шүкір! Индира келінімізді абыроймен үйге алып келдік. Бақытты болыңдар, балапандарым! Алла бақтарыңды ашсын!» − деп жазған ол.