«Сұлу келіншек екен»: Саят Медеуов ел алдына алғаш рет әйелімен шықты

Белгілі әнші Саят Медеуов ердің жасы елуге толды. Мерейтойын Республика сарайында концерт беріп, туған күнін тойлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: соцсети

Концерттен кейін банкет залында әнші туған күнін тойлады. Қонақтардың алдына тұңғыш рет жұбайы Гүлбаршынмен шықты. Әншінің әріптестері жарыса фотоға түсіріп жатыр

Алғаш болып жүктеген Мейрамбек Беспаевтың жұбайы Мархабат болатын. Одан кейін Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира да арнайы әншінің жұбайымен фотоға түсіп, желіге жүктеді.

«Отбасымды көрсете алмаймын. Оған қарсымын. Әйелім мен баламды мақтайтын уақыт келген жоқ. Олар да жарыққа шығуға ұмтылмайды. Өнер жолын да қумайтын секілді. Сондықтан отбасым жабық тақырып күйінде қалғанын қалаймын», – деген болатын кезекті бір сұқбатында әнші.

Желі қолданушылары әйелінің жүзі жылы екенін жазып жатыр.