«Бәрі де өткен іс»: Болат Назарбаевтың тоқалы айтты

Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Динара Әлжан әлеуметтік желіде осы жағдайға байланысты көңілі құлазып отырғанын жеткізіп, марқұмның туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фото: el.kz

«Осы жағдайды естіп, көңілім құлазып отыр. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл кісінің маған жасаған жақсылығы көп. Бәрі де өткен іс. Алдынан жарылқасын, жаны жәннатта болсын», − деп жазды ол.

Бүгін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында өмірден өтті.