«Азайып қалды»: Бекболат Тілеухан табысы туралы айтты

Экс-депутат, Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті Бекболат Тілеухан табысы туралы айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: parlam.kz

Бұл туралы ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында бөлісті.

Оның айтуынша, қазір ол киноға түсіп жатыр. 

«Құпия ештеңе жоқ. Келгенде 7 мың доллар (3 млн 249 мың 20 теңге - еск.) болған, қазір енді мұнда инфляция болып жатыр ғой. Сонымен азайып қалды. Қазір 4 мың 200 доллардай (1 млн 949 мың 412 теңге - еск.). Қанағатыңа байланысты. Негізі жетеді. Ел бар, жұрт бар. Жоқ десең, жоғалып қаласың», — дейді ол. 

Еске салайық, бұған дейін экс-депутат Бекболат Тілеухан қазір немен айналысып жүргенін хабарлаған едік.