Анасының аяғын жуған Жахан Отарғалиевтің әрекеті желіде қызу талқыға түсті

Актер Жахан Отарғалиев жақында анасын ауруханадан шығарып алды. Анасының аяғын жуған сәтті Instagram парақшасына жариялаған өнер иесі көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram/zhahan_utargaliyev

«Мүмкіндік бар кезде әке мен анамызға қызмет жасайық. Алла шипасын берсін, анашым», — деп жазды актер.

Айта кетейік, әзілкештің анасы жақында ауруханадан шыққан болатын. Видеода актер анасының аяғын сабындап жуып, сүртіп береді. Ал желі қолданушылары Отарғалиевтың бұл видеосына түрлі пікір білдірді.

«Көрсетпей жуа берсейші», «Видеоға түсірудің не керегі бар?», «Анаңыз сауығып кетсін», «Ата-ананы тірі кезінде бағалау керек», «Жарайсың»», — деп жазды желідегілер.