«Бізді Құдайдың өзі жіберді»: Бетперде таққан жігіт ата-анасы мүлде көрмейтін жігітке пәтер сыйлады

Бетперде таққан жігіт ата-анасы мүлде көрмейтін жігітке пәтер сыйлады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: instagram.com/chelovekvmaskee

Аноним түрде жақсылық жасайтын жігіттің кезекті кейіпкері - 16 жастағы Рауан.

Оның ата-анасы мүлде көрмейді. Олар жатақханада бөлме жалдап тұрады. 

«Әкем де, анам да мүлде көрмейді. Өзімнің де көру қабілетімде проблема бар. Ата-анамның қолы мен көзімін. Дүкенге бірге барамын. Барлық жерге апарамын. Жатақханада тұрамыз. 5 жылдан бері бөлме жалдап тұрамыз. Жағдай онша жасалмаған. Қоғамдық ортақ душта да жуыну ыңғайсыз. Ата-анам көріп кетсе деймін бастысы. Арманым сол», — дейді Рауан. 

«Бізді сенің ата-анаң емделуі үшін Құдайдың өзі жіберді және сіздер пәтер иесі атандыңыздар», — дейді бетперде киген жігіт.