Актер Аян Өтепберген шаңырақ көтерді

Танымал қазақстандық актер Аян Өтепберген шаңырақ көтерді. Осыған дейін өнер иесінің таңдауы ақтөбелік аруға түскені белгілі болған еді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Актердің сүйіктісін ұзатып алған сәттің естеліктері Аян Өтепбергеннің фан парақшасында жарияланды. Желіге тараған мәліметтерге сүйенсек, актердің сүйіктісінің есімі — Аружан. Бойжеткен Ақтөбе өңірінің тумасы.

Асхат Маемировтің мәліметінше, бойжеткеннің театрға қатысы жоқ. Алайда ол да өнерден алыс емес.