Мейрамбек пен әйелінің видеосы елді сүйсіндірді

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев желіде келіншегімен түскен видеосын жариялап, елдің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz aқпарат порталы.

Фото: Instagram/m_besbaev

Өнер иесі Instagram парақшасында ерекше отбасылық видео жариялап, оқырмандарын бір қуантты.

Бейнежазбадан әнші мен жұбайының бір-бірін екі түрлі ракурстан түсіріп тұрғанын көруге болады.

Оған қоса әртістің келіншегі видео астында ерлі-зайыптының арасындағы махаббат жайлы жазба жариялаған.

««Егер ерлі – зайыпты бір-біріне асқан сүйіспеншілікпен қараса, Алла тағала да оларға ерекше мейірім төгеді. Егер күйеуі әйелінің қолынан ұстаса, олардың күнәлары саусақтарының арасынан түсіп қалмақ». Алла қосқан қосағымызбен Фирдаус жәннатының төрінен орын берсін! Әумин», — деп жазды Мархаббат Бесбаева.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдіруде.