Қайрат Нұртас желіде отбасына өлең жолдарын арнады

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас желіде отбасы туралы жазба жариялап, келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімоваға үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Instagram/@kair_n

Қайрат Нұртас Instagram парақшасында отбасына өлең шумақтарын жолдап, өз махаббатын жеткізді. Бала-шағасына деген ыстық ықыласын білдірген әртіс соңында келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімоваға үндеу жасады. Өнер иесі әйеліне жақында келетінін айтты.

«Отбасым ол  — асқары арманымның, Әрбір атқан арайы таңдарымның. Ұл-қыз үшін  — әкелік талпынысым. Жігерімді арнасам жанұяма, Жыр-әнімді арнадым халқым үшін! Жаратқанға мың алғыс әр күн үшін! Жұлдыз, жақында келем», — деп жазды Қайрат Нұртас.