«Ұлы дала баласы» Төреғали Төреәлінің отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің кенже қарындасы Дина Төреәлі тұңғышын дүниеге әкелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қуанышты жаңалықты Дина Төреәлінің өзі Instagram парақшасында жария етті. Блогер ару көпшіліктен сүйінші сұрап, ұлды болғанын хабарлаған.
Төреғалидің қарындасы желіде көпшілікке перзентханадан шыққан видеосын да көрсетті. Бейнежазбада жұлдызды жанұя өкілдері анасы мен ұлын жылы қарсы алып, құттықтап жатқанын көруге болады.