Қайрат Нұртас әкесімен бірге ән шырқады

Әнші Қайрат Нұртас әкесімен бірге лирикалық ән айтып, домбыра тартты. Нұртас Айдарбек ұлымен дуэт орындаған сәтті Instagram парақшасына жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Фото: instagram/kair_n

«Аян мен Заңғардың жоқтығын пайдаланып, 4 баласы бар мына жігіт еркелеп, келіп қалыпты. Жарайды, еркелетіп жеберейін», — деп жазды Нұртас Айдарбеков.

Видеодан Қайрат Нұртастың өз орындауындағы «Сағыныш» әнін орындағанын және оны әкесі домбырамен сүйемелдеп отырғанын көруге болады. Сәлден соң Нұртас Айдарбек те ұлына қосыла ән шырқаған.