Назарбаев «құлап бара жатқан» инсталляция пайда болды

Желіде Назарбаев «құлап бара жатқан» инсталляцияның видеосы тарады. Massaget.kz тілшісі инсталляцияны өз көзімен көріп, фото және видеоға түсірді.

Фото: Massaget.kz

Инсталляция Алматыдағы Әскери мәжіліс үйінде орналасқан. Авторы Ербосын Мелдібеков. 

Автордың сипаттамадағы мәліметінше, топтама мүсін қиратылған сәтте тұғыры ғана қалған Назарбаевтың ескерткіштері түріндегі инсталляциялардан тұрады.

біріншісінде 1992 жылы Алматыдағы Дзержинский ескерткішінің қираған сәті; екіншісінде 1962 жылы Прагада Сталин ескерткіші жарылған сәт; үшіншісінде 2014 жылы Харьковтегі Ленин ескерткішінің құлап бара жатқан сәті; төртіншісінде 2003 жылы Бағдадтағы Саддам Хусейн ескерткішін қирату сәті; бесіншісінде 2022 жылы Талдықорғандағы Назарбаевтың өзіне қойылған ескерткіш құлатылған сәт екені аңғарылады.