«А’Студио» әншісінің бауыры алғаш рет Батырхан Шүкеновтің ұлы туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Әйгілі әншінің ұлы барын екінің бірі біле бермейді.
МузТВ сексенінші, тоқсаныншы жылдары қазақ әншісі «Нелюбимая», «Джулия» атты әндерімен танылғанын атап өтеді. Ол кездегі жап-жас жігіт көп қара көздің жүрегін жаулаған. Біреуіне үйленгенімен, көп өтпей ажырасқан. Батырханның азаматтық некеден туған Мақсұт атты ұлы бар.
«МК» басылымы Шүкеновтің бауырының сөзін келтіріп, 23 жастағы жігіт әкесіне қатты ұқсайтынын жазады. Мақсұт колледж бітіріп, «дыбыстаушы режиссер» мамандығын алған.
Мақсұт әкесінің әндеріне өң бергісі келеді. Себебі онда әкесінен қалған мелодиялардың архиві бар. Ұлы әндердің кавер-нұсқасын жазуға тырысады. Туыстары көмектеседі.
«Қазақстанға Мақсұт сирек барады. Ақшасы жеткен кезде. Телефонмен жиі сөйлесеміз. Бір-бірімізге қоңырау шалып, құттықтаймыз. Әжесімен де өте жақсы сөйлеседі. Сағынады», – дейді Батырхан Шүкеновтің бауыры.
Мақсұттың туыстары оның Қазақстанға келіп, қазақ қызына үйленгенін қалайды.