Өткен жылдың қарашасында атыраулық әйел Бейбіт Қорғаннан 4 жасар баласы барын жайып салды. Арада уақыт өткеннен кейін әнші ақыры ДНҚ сараптамасын тапсырды. Бейбіт Қорғанның басындағы бұл ісіне байланысты өнердегі әріптестері өз ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиғаның басы-қасында жүрген Дина Төлепберген ДНҚ сараптамасы туралы да өзінің Instagram желісіндегі парақшасында тарқатты.
«Бейбіттің болжамды баласы не болды? «Астарлы ақиқат» бағдарламасын жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ тапсыру үшін, оны ақыры сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірнәрсе айта ма деп едік, ләм-лим демеді.
Бізден қашса да, ақыры Атырауда, заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды. Нәтижесін сот бір айдан кейін жария етуі тиіс. Ал әнші әріптестері Қорғанның әрекетінен қателік көріп тұрған жоқ секілді», — деген болатын Дина Төлепберген.
Жеңіс Ысқақованың айтуынша, әйел баланы өзі үшін туады.
«Оған үйлебейтінін біле тұра, баланы өмірге әкелген екен. Қолыңмен істедің бе, басыңмен көтер. Талантты, жақсы жігіттен туған екенсің. Ол әйел өзі үшін туды. Тумауына да болатын еді», — деп Ысқақова атап өтті.
Ал әнші Абай Бегей бұндай жағдайлардың көп екенін алға тартты.
«4-5 жылдан кейін келіп, жала жабатындар көп қой», — деді ол.