Қазақ жігіт Германияда айына қанша ақша тапқанын көрсетті

Германияға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық жігіт қанша табыс тауып жүргенін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кадр видео

«Германияда 1 миллион айлық алып, шығыннан бөлек қалтаға таза 500-600 мың теңге қалады деп айтатын бауырларға айтқым келіп тұрғаны: мен қаңтар айында 30 күн жұмыс істедім. Бұл жерде сағатына төлейтіндіктен бір айда қанша сағат жұмыс істесеңіз, сонша айлық шығады. Ешкімді алдамаймын, мен де сіздер секілді несие алып келгенмін», - дейді ол. 

Өткен айда ол 30 күн үзіліссіз жұмыс істеп, барлығы ол 1,4 млн теңге табыс тапқанын көрсетті.