Көрермендерге отандық сериалдар арқылы танылған актер Асқар Жұмабеков тағы да хат жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол хатында қазіргі кезде өмірінде қуантарлық жаңалық болмай тұрғанын жазды.
Тіпті хатының соңына @tokayev_online @primeministerkz белгілеп қойды.
Актер хатын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Ойларымның бәрі ақ параққа үздіксіз төгіле бастады. Бірі – көңілден шықса, бірі – қоқыстан орнын тапты. Көңілден шыққанын кейін жазармын. Қазіргі жағдайым бірқалыпты. Қуантарлық жаңалық та болмай тұр. Бірақ үмітім үзілмеді. Бір ойым, мені бір түбі жоқ құдыққа лақтырғандай. Шегі көрінер емес, қараңғы. Енді бір ойым, мүмкін сол қараңғылықтың артында жарық атты үміт күтіп тұрған болар… Әзірге осы. Иә Аллаһым, бұл күндерді артта қалдырып, жақсы күндерді нәсіп ете гөр! Ең бастысы, бұл сынақта сабырлық серігім болып, рухым сынбасын. Мен сіздермен мақтанамын!» – деп жазды ол.
Еске салсақ, актер Асқар Жұмабеков 6,5 жылға сотталды. Өйткені ол бұған дейін ҚР ҚК 107 бабы (адамды ұрып-соғу) бойынша кінәлі деп танылған.