Тоқтар мен Бейбіт төрт ұлын тәрбиелеудің құпиясын айтты

Жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбіт төрт ұлын тәрбиелеудің құпиясын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: әлеуметтік желі

Тоқтар Серіков кіші ұлдарына ақылын әйелі Бейбіт айтатынын жеткізді.

«Әкең келе жатыр», «әкеңнің алдында бүйтпе», «әкең ұйықтасын, демалсын» дейді. Бұл үйде қатып қалған қағида.

Үлкен ұлдарыма мен ақыл беремін. Әсіресе 16-дағы ұлыммен жігітше, досымдай сырласамын.

Қазір олардың алғашқы сезімі бүршік жаратын кезі ғой. Қаймығып қалмасын деп үнемі «әкесі жоқ қызды жылатпа, ағасы жоқ қызды ренжітпе» дейді қазақ. Жүріп жүрген қызың болса құрметпен сыйла. Кейін қосылмай қалған күннің өзінде болашақта құрметпен қарайтындай жүр. Ренжітуші болма» деймін. Өз басым қыз баланы ренжітпеген адаммын»», — дейді Тоқтар Серіков.