«Шаңырақ» күніне орай қаладағы перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің аналарына құрмет көрсетілді, деп «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі astanatv.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мерекелік іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қатысып, жаңа босанған аналарға «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйларын табыстады.
«Наурызды тойлау бүгін Шаңырақ күнімен жалғасып жатыр. Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүние есігін ашады. Міне, соның арқасында біздің қаламыз еліміздің дамуына ерекше үлес қосып отыр деп айта аламын. Мемлекет басшысы, үкіметіміз де халқмыздың санының молаюына ерекше мән беріп, қолайлы жағдай жасап отыр», — дейді Сәрсен Абайұлы.
Айта кетейік, қазіргі таңда қала бойынша төрт перзентхана жұмыс істейді. Қалада жыл басынан бері 4 мың 911 сәби дүниеге келді. Оның 2 мың 493-і ұл болса, 2 мың 418-і қыз.