Әнші Қарақат Әбілдина кеше 46 жасқа толды. Әнші туған күнін Германияның Франкфурт қаласында отбасылық достарымен атап өткен. Бұл жайлы әнші өзінің инстаграм-парақшасында айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Қарақат Әбілдина туған күнінде Германияда болды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Франкфурт қаласындағы ормандардың бірінде достарымен бірге серуендеп келгенін көрсетті.
«Құрметті оқырмандарым, ағайын-туыс, дос-жаран, баршаңыздың бүгінгі менің жеке меншік мерекеме, туған күніме арнап жатқан құттықтауларыңыз, жақсы тілектеріңіз үшін алғысымды білдіремін! Көп-көп рақмет! Осы жаққа келгелі жауынды-шашынды ауа райы, мінекей, 6 сәуір ауа райы ән салып тұр. Балаларым қасымда болмады демесем, қалғанының бәрі жақсы. Қыдекең мен достарымыз Франкфурттағы әдемі ормандардың біріне алып келді. Табиғат, таза ауа. Ең бастысы, еліміз аман болсыншы. Жерімізге тыныштық тілеймін», — дейді әнші.