Ерке Есмахан сәбиіне дұшпандарының тиісіп жатқанын айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан желіде «Еркенің сәбиі шетінеп кетті» деген ақпараттың тарап жатқанын айтты, деп «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/erke_esmahan/

«Оразаның соңғы күндері менен жағдай сұрап, хабарласқан адам қалмады. Қасиетті айда қасиетінен айырылған малғұнның кесірінен. Мен негізі негативке күліп жауап беремін, артынан бақыт тілеп жіберемін. Бірақ бұл жолы маған емес, Раймға емес, кішкентай балаға тиісті. Жаман ұлт болмайды, жаман адам болмайды. Сол үшін «әр қазақ – менің жалғызым» деген сөзді айтқым келмейді. Өзім – қазақпын. Қазақ деген – тәуір ұлт. Бірақ араларында осындай хайуаннан бетер адамдар жетерлік», — деп ашуланды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі әлеуметтік желіге тарап кеткен жалған ақпаратты жоққа шығарып, сенбеуге шақырды.

«ТikTok парақшамыз жоқ болғасын, жалған ақпаратты кеш естіп қалдық. Оны біреу қолымен жазып, таратқаны белгілі. Әкесі екеуіміз жылап, жүрегіміз қақ айырылды. Әкесі табамын деп кірісіп еді, парақшасын өшіріп үлгерді. Бірақ істі аяқсыз қалдырмаймыз. Адамдар, өтініш, сіздерге! Істеген істеріңізге абай болыңыздаршы! Қазақ деген керім халық деп айтамыз, атымызға затымыз сай болсын!» — деді өнер иесі.