Актриса Жәния Джуринская екінші перзентін дүниеге әкелді

Танымал актриса, блогер Жәния Джуринская екінші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/djurinskaya

Өнер иесі 2022 жылдың маусым айында Сафия есімді тұңғыш қызын дүниеге әкеліп еді. 

«Біздің әлемге қош келдің, ұлым. Рахмет саған махаббатым», – деп жазды актрисаның күйеуі. 

Желі қолданушылары ерлі-зайыпты құттықтап, ақ тілегін жолдап жатыр.

«Бауы берік болсын», «Қандай күшті жаңалық. Дені сау, болашағы зор азамат болсып өссін», «Сіздер үшін қуаныштымын», «Мықты азамат болсын», «Ата-анасының мақтанышы, әпкесінің қорғаны болып өссін», «Жәния, Данияр құттықтаймыз! Балапандарыңның қызығына тоймай жүре беріңдер», – деп жазып жатыр оқырман қауым.