Әнші Балжан Бидаштың әлеуметтік желідегі жазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Өнер иесі видеоны Instagram-дағы парақшасына жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Отбасы құру — бақыт. Оны шаттыққа толтыру — нағыз бақыт.Алақанда аялайтын, шынымен бағалайтын, ашуланып қарамайтын жар бұйырсын, құрбым», — деп жазды Балжан Бидаш.
Әнші осы видеосы арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы екенін көрсеткен. Ал желі қолданушылары әншінің бұл видеосын қызу талқыға салды.
«Бұл жерде өткен өмірін айтқан жоқ. Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау білідіріп отыр», «Әйелдерге қолдау білдіріп жатыр», «Бұрынғы өмірін айтқан жоқ. Челленджді жалғастырып жатыр», «Өмірдің ащы шындығы көрсетілген», «Өзіңді құрметтейтін жан жолықсын», — деп жазды желідегілер.