Оралда бір мезетте 300-ден астам адам «Атамекен» әнін шырқады

Өңірде су тасқынына қарсы бөгет салып жатқан халықтың бірге орындаған әнін «Хабар» арнасы Instagram парақшасында жариялады, деп «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан алынған кадр

Мұны көрген оқырмандар қиындықта ауызбіршілік танытқан жұртқа алғыс білдірді.

«Қазақ еліміз аман болсын»,

«Ағаларымызға күш-қуат бере гөр»,

«Денем түршігіп кетті»,

«Көзге еріксіз жас келді»,

«Жылап отырмын»,

«Қандай керемет»,

«Жандарым. Алла жар болсын. Еліздің бірлігі мықты болсын»,

«Аман болсыншы Қазағым», — деп жазды олар.