Рүстем Жүгінісов: «Төрт әйел алғым келеді, ИншАллах»

Әнші Рүстем Жүгінісов бірнеше әйел алғысы келетінін жасырмады, деп «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/zhugunussov

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман сауалына жауап беру барысында айтқан.

«Менімен еркектердің 95 пайызы келісуі мүмкін. Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді.

Оның ішінде мен де бармын, 95 пайызға мен де кіремін. Оның қалған пайызы «Шүкір, бір әйел жетеді. Мен әлі дайын емеспін» деп жүргендер шығар.

Бірақ әр еркек көп әйел алғысы келеді деп ойлаймын. Мен 4 әйел алғым келеді, ИншАллах», — деді әнші.