«Енді мәңгілікке үндемейсің»: Көпшілік Zaq пен Ayree жаңа әнін марқұм Салтанат Нүкеновамен байланыстырды

Белгілі Zaq лақап атымен танылған Дулат Мұхамедқалиев әнші Ayree жаңа дуэт жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Instagram/@aitym

Өнер иелерінің жаңа әнін тыңдарман қауым күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкеноваға арналған деп болжап жатыр. Әннің мәтінінде мынадай жолдар бар:

«Сен мені жараладың, пышағыңды суыр. Еңді тағы кішкене, сен мәңгілікке үндемейсің. Оның орны – түрме. Ол – өрмекші тор», — деген жолдардан тыңдарман қауым марқұмға арналған ән екенін аңғарды.

Алайда өнер иелері ешқандай пікір білдірген жоқ.

Желі қолданушылары әлеуметтік желіде түрлі пікір жазып, әншілерге қолдау білдіріп жатыр.

«Қандай керемет ән?!»; «Zaq үнемі терең мағыналы әндерді айтады»; «Осы әнді тыңдағанда көз алдыма Бишімбаев келді»; «Салтанаттың тағдыры бір әнге сыйып тұр»; «Мен ғана ма тыңдап, жылап алған?» — деп жазып жатыр тыңдарман қауым.